Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыЕлордалық еріктілер қария кісілер тұратын үйлердің ауласының қарын күреу бойынша кезекті акция өткізді. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қария кісілер тұратын үйлердің ауласын қардан тазартуды жалғастыруда. Бірер күн бұрын елордалық еріктілер зейнеткерлер үйлерінің маңын тазарту бойынша кезекті шара өткізді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында біз қаланың қарт тұрғындарына аулаларының қарын күреуге үнемі көмектесеміз. Соңғы аптада қалада қар көп жауды, сондықтан біз тағы бір игі іс жасау үшін қайта жиналдық, - дейді еріктілердің бірі Ерасыл Төленді.
Еріктілер Лермонтов көшесінде тұратын зейнеткерге қар кереуге көмектесті.
Еріктілерімізге алғыс білдіргім келеді. Олар ауланың қарын жылдам тазалайды. Осы игі акцияға қатысқандарға көп-көп рақмет, - деді Елена Николаева.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады