Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың орталық саябағындағы «Атырау» көпірінің жанында «Заң және тәртіп» атты ерекше фотокөрме ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Көрмеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне арналған ондаған фотосурет қойылған.
Экспозицияны Ішкі істер министрлігі ұйымдастырып отыр. Мақсат – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау. Көрменің салтанатты ашылуына ерекше реңк берген – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үрмелі оркестрі орындаған музыкалық композициялар.
Көрмеге қойылған фотосуреттердің басым бөлігі – ІІМ сәуір айында жариялаған фотобайқау нәтижесінде жиналған жұмыс. Байқауға еліміздің әр өңірінен шамамен 100 фотосурет келіп түсті. Әр сурет – учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен қызметтік иттердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар. Олар күн сайын заңдылық пен қауіпсіздік күзетінде тұр.
Фотосуреттерде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмыс барысы бейнеленген: тасқын салдарын жою, орман өртін сөндіру, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе балаларды қорғау мен алдын алу шараларына ерекше мән берілген, яғни аулалардағы қауіпсіздік пен білім ордаларындағы іс-шаралар көрініс тапқан.
Полицияның жұмысы – тек қылмыскерлерді ұстау емес. Олар – төтенше жағдайдағы көмек, тыныштықты күзету, адамдардың өмірін сақтау. Біз осының бәрін камера объективі арқылы көрсеткіміз келді. Көрмеге азаматтардың қызығушылығы күткенімізден де асып түсті. Біз мұнда екі сағаттан астам уақыт болдық, осы аралықта адамдар легі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл тақырыптың жұртқа жақын екені байқалады. Адамдар тоқтап, сұрақтарын қойып, эмоцияларын бөлісіп жатыр», — деді ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаменті басшысының орынбасары Динара Сағандықова.
Көрмеге келгендер арасында туристер де болды. Айтуларынша, олар бұл шараға кездейсоқ тап болған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?