23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордалық спортшылар арнайы ұйымдастырылған «Тәуелділікті спортқа айырбаста» атты акция аясында қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Есіл ауданы әкімдігінің, Дене шынықтыру және спорт басқармасы және танымал спортшылардың қолдауымен ұйымдастырылды. Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Олардың қатарында елорданың аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин болды.
Акция аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарын футбол добына, теннис ойынына арнайы сертификат, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осы арқылы жастарды, қала тұрғындарын бос уақытын тиімді өткізуге, денсаулықтарын күтуге үгіттейміз. Бұл іс-әрекетіміз өз жемісін береді деп сенемін, - деді аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин.
Айта кетейік, мұндай акция Астана қаласында тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аталған акцияны Нұржан Батырбеков, Айтым Жакупов, Василий Тахтай, Әлихан Асубаев сияқты танымал спортшылар қолдап, жастармен бірлесіп, елорда көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады