10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада жол тазалап жүрген кісіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Жазба авторы бұл Астанадағы Әзірбаев көшесінде болғанын айтады. Ондағы кадрлардан жол жиегіне тоқтаған көлік жүргізушісі болуы мүмкін ер адамның жұмысшыға ескерту жасап жатқанын байқауға болады. Одан жұмысшы жылдам қашып құтылғысы келгенмен, ер адам бәрібір қуып жетіп, жұлқылап, тізерлетіп отырғызады.
Астана полициясы әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың видеосы анықталғанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері төбелескендерді тапты. Осы факті бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді