12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада екі ер адам төбелесіп, оның бірі пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде полицейлер жедел жәрдем көліктері тұрған видео тарады. Оқиға Есіл ауданында болған. Екі өзбекстандық арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленуші жамбас аймағына пышақ жарақатын алғанын растады. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Денсаулыққа зиян келтіріп, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын мәдімдеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер