Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЕлорда тұрғыны автобус жүргізушісіне бұрышты газ шашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізушісі тәртіп бұза отырып, автобустың алдына шығып кеткен. Мұнысымен қоймай, қоғамдық көлік жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашты. Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болды.
Автобус пен «Kia» маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып кеткен. Артынан көліктен шығып, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген, - делінген полиция хабарламада.
Іздестіру жұмыстарының барысында «Kia» маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды