6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада бір тәуліктің ішінде екі бірдей вандализм оқиғасы тіркелді. Бір жағдайда ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақы 7 тәулікке қамауға алынды.
102 арнасына Айтматов көшесінде белгісіз адамның аялдама әйнегін сындырғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, ол мас күйінде болған. Сот қаулысы бойынша, азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы ("Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатындай дәрежеде болмаса") бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.
Екінші жағдай Байтұрсынұлы көшесінде болған. Мұнда екі мас адам аялдама павильонының әйнегін сындырған.
Полиция қызметкерлері 19 және 22 жастағы екі азаматты ұстады. Басты күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды. Ал оның танысы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, – деп хабарлады Полиция департаменті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі