30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕңбек күні қарсаңында елорданың Байқоңыр ауданында коммуналдық қызметкерлер мен еңбек әулеттерінің өкілдеріне құрмет көрсету рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты іс-шара барысында коммуналдық кәсіпорындардың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Құттықтау мен марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында Абай даңғылы бойындағы Коммуналшылар гүлзарында ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Бүгін біз астаналықтардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз ету үшін күнделікті еңбек етіп жүрген мамандарды құттықтаймыз. Еңбек әулеттерін ұлықтай отырып, коммуналдық сала қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Іс-шараның «Коммуналшылар гүлзарында» өтуі де символдық мәнге ие. Бұл жер тек демалыс орны ғана емес, елорданың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген жандарға құрметтің белгісіне айналды, – деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Азамат Малыбаев.
Жиынға «Астана су арнасы», «Астана-Зеленстрой», «Астана тазалық», Астана АЭК, «Астана Теплотранзит» сияқты коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Жұмысшы мамандығының иесі ретінде бүгін ерекше толқып тұрмын. Бұдан бөлек, әріптестеріммен пікір алмасу мен кәсіби ортада әңгімелесу мен үшін ерекше әсер қалдырды. Мұндай шаралар тек шабыттандырып қана қоймай, өз ісіңе деген жауапкершілігіңді арттыра түседі, – деді марапатталғандардың бірі Айтолқын Исабаева.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды