2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлімізде Еңбек күні жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Елорданың «Жастар» сарайында еңбек ардагерлері мен озаттарына құрмет көрсетуге арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, салтанатты іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов қатысып, тәжірибелі еңбек майталмандары мен өндіріс озаттарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Еңбек күні – еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтайтын мереке. Әр салада кәсіби біліктілік танытып, адалдықтың шынайы көрінісін көрсетіп жүрген жандар бар. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, қоғамның дамуына күш салып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осы бастама жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттырып, елімізде еңбек адамының беделін көтеруге үлкен серпін беретініне сенімдімін. Қоғамның барлық салаларында еңбек етіп жүрген азаматтарға тек сәттілік тілеймін, - деді Ерік Мейірханов.
Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова