Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілген. Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.
ЭКСПО аумағында шыршаны жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.
Іс-шара қонақтарын «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары