Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордалық тұрғын үй орталығы «Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелерінің жарияланғанын хабарлады. Бұл туралы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі жазады.
Нәтижелерді zhilfond.kz порталынан және www.gov.kz Астана тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан көруге болады. Онда барлығы үш тізім жарияланған: «Мақұлданды», «Резерв» және «Қабылданбады».
«Мақұлданды» тізіміндегі азаматтарға 8 қазанда өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға (мүмкін «Спам» папкасында болады), «Отбасы банк» АҚ-ға жіберудің электрондық нұсқасы жіберіледі, оны басып шығару қажет. 10 жұмыс күні ішінде онымен төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астанадағы «Отбасы банк» АҚ-тың кез келген бөлімшесіне жүгіну керек. Жолдаманы алған сәттен бастап белгіленген мерзімде банкке келмеген жағдайда, тұрғын үй Орталығы оның күшін жоюға құқылы.
«Резерв» тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді, алайда аз балл жинап, лимиттің аяқталуына байланысты резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігінен өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес резервтік тізімнен азаматтарға берілетін болады.
«Қабылданбады» тізіміндегі азаматтар не себепті бағдарлама талаптарына сәйкес келмегенін birge.astana.kz порталындағы жеке кабинетте толығырақ танысуға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?