30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана қаласында ҚР МКҚ ұйымдастыруымен күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында «Millitary Drone Race 2.0» турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдану саласын дамытуға, оны киберспорт аспектілерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталған. Турнир сонымен қатар, осы сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара белсенді әрекеттесуін, білімі мен тәжірибесімен бөлісуін қолдауға арналған.
Турнир бағдарламасы ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығу кіретін екі кезеңнен тұрды.
Сайыс жүлделері жолында мемлекеттік күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады. Екі күндік сайыс нәтижесінде мына құрамалар жеңіске жетті:
1 орын - ҚР МКҚ 1-командасы;
2 орын - ҚР МКҚ 2-командасы;
3 орын - ҚР ҰҚК «А» қызметі командасы.
Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы екінші рет өткізілді. Алғашқы турнир 2025 жылғы сәуірде өткен, оның жеңімпаздары қатарында ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК «А» АМҚ, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командалары болған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды