Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЕлордалық тұтынушыларға электр энергиясына негізсіз төлеген қаражаты қайтарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл әлеуметтік желіде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдер алынып жатқаны туралы ақпарат көбейіп кеткен. Мәселені прокуратура тексерді.
Бұл мәселені қала прокуратурасында талқылауға уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілер "Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС өкілдері қатысты. Энергиямен жабдықтаушы ұйым деректерді қабылдап-жинақтауды дұрыс ұйымдастырмағандықтан тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеген. Көптеген астаналыққа орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткішіне сәйкес энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған, - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің табалдырығын тоздыруға мәжбүр болған. Қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді.
Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абонентке электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасып жатыр, бұл мәселе прокуратураның бақылауында.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды