Астанада «Экомектеп» кітабының тұсаукесері өтті

4 Мамыр, 05:26 207

Астанада «Қазақстанда экологиялық ағартуды ілгерілету» тақырыбында конференция өтті. Шара барысында экологиялық білімді насихаттауға арналған «Экомектеп» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конференцияға ғалымдар, экологтар, мектеп директорлары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Экомектеп» – 1-4 және 5-9 сынып оқушылары үшін арнайы әзірленген бірегей кітап. Ол қоршаған ортаның әртүрлі тұжырымдамаларын, практикалық кеңестерді, нұсқауларды түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынады.

Қазақстан экоқорының жетекшісі Айгүл Абдуалиева аталған іс-шараның ерекшелігін және жастардың экологиялық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Экомектептің мақсаты – оқырмандарды іс-әрекетке шабыттандыру және ынталандыру. Бұл кітап тек ақпарат беріп қана қоймайды, ол сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өзгерістерге әкеледі. Кітап күнделікті әдеттерді экологиялық тұрақты өмір салтына өзгертуге көмектесетін практикалық кеңестер мен нұсқауларды ұсынады. Біз әрбір кішкентай әрекеттің біздің ғаламшарымыз үшін үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін деп санаймыз және баршаны қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлестері туралы ойлануға шақырамыз, - деді Айгүл Абдуалиева.

Айта кетсек, аталған іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен Қазақстанның Экологиялық қорының «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» атты жобасы аясында өткізіліп отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: