2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды акция аясында дәстүрлі экологиялық айлық өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімдіктің мәліметінше, үш апта бойы қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосып жатыр.
27 қыркүйекте экоайлық аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оған 20 мыңнан астам тұрғын, 1,7 мыңнан астам кәсіпорын, ұйым және мекеме, сондай-ақ 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында Астанада ауқымды жұмыс атқарылды: 15 мыңнан астам аула тазартылды, 77 саябақ пен сквер қамтылды, 15 тарихи-мәдени мұра нысаны ретке келтірілді, шамамен 1 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар тас төсеніштер мен тротуарлар жөнделіп, 800-ден астам ағаш отырғызылды. 195 әлеуметтік нысанда – мектептерде, балабақшаларда, спорттық және медициналық мекемелерде, әлеуметтік қорғау нысандарында және 1 355 өнеркәсіптік әрі бизнес нысандарында жұмыс жүргізілді.
Экоакция аясында қалада санитарлық тазарту, нөсер және арық желілерін жуу, көшелер мен тротуарларды, аула аумақтарын тазалау жұмысы өткізілді. Сондай-ақ аулаларды абаттандыру, балалар ойын және спорт алаңдарын орнату, қоғамдық кеңістіктерде кеспетастар, жиектастар мен шағын сәулеттік нысандарды қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.
Сонымен бірге жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазарту, рұқсатсыз қоқыс орындарын жою және өзге де маусымдық агротехникалық жұмыстар жалғасуда.
Экоакцияның негізгі мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға қоғамның назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова