7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?һ№112 станциясында (Абу Даби Плаза) екі вагоннан тұратын LRT екінші құрамын орнату жұмыстары жүргізілді. Бірінші құрам жуырда №101 станциясына (Әуежай) орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Екі құрам 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған сынақтық іске қосулар басталғанға дейін станцияларда болады.
№112 станцияда LRT екінші құрамын орнату – бұл желінің негізгі учаскелеріне құрамды орналастыру бойынша жұмыстардың бір бөлігі. Әр вагон күрделі логистикалық жолмен жеткізіледі және ауыр көтергіш техника көмегімен орнатылады. Бұл жұмыстар бізге құрамдарды алдын ала реттеп, қыркүйекте басталатын кешенді сынақтарға дайындауға мүмкіндік береді. Біз құрылыс кезеңінен инженерлік және пайдалану кезеңіне біртіндеп өтудеміз, - деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма Төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Монтаждау жұмыстары жүк көтергіштігі 450 тонна болатын арнайы ірі габаритті автокран көмегімен орындалды. Құрамдар Түркістан көшесіне Арыс көпірі жағынан, ұзындығы 39 метрді құрайтын (тартқышпен бірге) ірі габаритті тралдармен жеткізілді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?