Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылы және Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында орташа жөндеу жұмысын бастады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 1 шілдесі сағат 21:00-ден 2 шілде сағат 09:00-ге дейін Ш.Уәлиханов пен Кенесары көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Бұдан бөлек осы жылдың 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшелерінің қиылысында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сондай-ақ, орташа жөндеу Тұран даңғылымен Бұқар Жырау даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі жергілікті өткелден басталды. Осыған байланысты 1-3 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар