Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың ТЖД-нің мәліметінше, құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта оқиға орнына жеткен. Өрт алдын аумағы 500 шаршы метрді қамтып, дер кезінде толығымен сөндірілді. Өкінішке қарай, өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала өлім құшты.
Қазір қайғылы оқиғаның шығу себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.
Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады, - деді Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?