Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАстана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның мақсаты – түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастарына арнап бірлік пен келісім қағидаттарына негізделген бірыңғай мәдени кеңістік жасау. Іс-шараға хип-хопперлер, көше бишілері (брейк-дансерлер), скейтбордшылар, футбол фристайлының, стритболдың өкілдері, паркуристер қатысты.
Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.
Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес