22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада көлік кептелісін азайту мақсатында екі деңгейлі магистраль салу көзделіп отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 12,4 шақырымды құрайды. Ол Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Республика даңғылы арқылы өтіп, Бөгенбай батыр көшесіне дейін жалғасады. Қала әкімінің айтуынша, жобалау жұмыстары басталып кеткен, ал құрылыс 2027 жылы қолға алынады.
Қала қарқынды дамып келеді. Осындай жағдайда көлік кептелісін азайтудың ең тиімді жолдарының бірі – көп деңгейлі, жоғары жылдамдықты транзиттік жолдар салу. Қабанбай батыр даңғылы бойымен екі деңгейлі жолды жобалауға кірістік. Оның жалғасы Республика даңғылы арқылы Бөгенбай батырға дейін созылады. Бұл – кептеліске қарсы күрестегі маңызды қадам, – деді Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің сөзінше, мұндай жылдам көлік дәліздері Сеул, Мәскеу, Токио, Бейжің, Бангкок, Париж сияқты ірі мегаполистерде сәтті жүзеге асқан. Астанада салынатын екі деңгейлі жол көлік жүктемесін 30-40 пайызға дейін азайтып, сонымен қатар оң жағалаудың тарихи келбетін сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар елордада Bus Lane жүйесін кеңейту жоспарланған. Қазіргі таңда қоғамдық көлікке арналған жолақтардың жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайды. Ал келесі жылы бұл көрсеткішке тағы 30 шақырым қосу көзделіп отыр.
LRT жобасына қатысты да жаңалық бар. Қала әкімінің айтуынша, жеңіл рельсті көліктің барлық вагондары жыл соңына дейін жеткізіледі, ал тестілік пайдалану кезеңі тағы шамамен екі айға созылады. Желінің тұрақты жұмысы желтоқсан айында басталады деп жоспарланған.
Жаңа көлік жүйесі Есіл және Нұра аудандарындағы жол жүктемесін айтарлықтай азайтады. Әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ және Қабанбай батыр көшелеріндегі көлік қозғалысы жеңілдейді деп күтілуде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев