Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сарайшық ауданы мен Алматы ауданының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды. Тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.
Ал Алматы ауданының әкімі болып 39 жастағы Рустем Тәуекелов тағайындалды. Ол осыған дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарған.
Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы ауданы әкімінің алдына аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?