29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада Ұлттық архив базасында «Е–архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семинар жұмысына өңірлердегі архив ісі мен құжаттаманы басқаруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың 130-дан астам өкілі қатысқан.
Қатысушылар Ұлттық архивтің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архивистерінің жүйе модульдерін сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық-тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәжірибесімен танысты, - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сонымен қатар семинар барысында іс жүргізу тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» дерекқорына мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек