20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада киім дүкенінен ұрлық жасаған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Полицейлерге сауда орталығының қызметкері хабарласып, белгісіз біреу дүкеннен киім-кешектер ұрлап, жалпы құны 100 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған.
Тергеу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің сауда залына келіп, клиент кейпінде тауарды таңдай бастағаны анықталды. Өзіне ұнаған киімдерді алып киіну бөлмесіне барып, ұрлыққа қарсы магниттерін шешіп тастаған. Содан кейін тауарды сөмкесіне салып дүкеннен шығып кеткен.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде. Кәмелетке толмаған жасөспірім мен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?