Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды. Оны 100 мыңнан астам тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 шілдеде ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN»Жарық дрон-шоуы өтті.
Дрондар түнгі аспанда төмендегідей бейнелерді көрсетті:
Жер Планетасы;
Қазақстан картасы;
Шаңырақ;
Зымыран және Сатурн;
Бәйтерек;
«Таза Қазақстан»;
Қазақстан Туы;
Жүрек және Астана.
Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Бұл - дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді,-делінген әкімдік мәліметінде.
Айта кету керек, 100 мыңнан астам адам «Open Air» мерекелік концертіне және дрондар шоуына қатысты. Түрлі-түсті жарық шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Ашық аспан астындағы мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ‘ OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетті.
Сонымен қатар 7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Мade in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын Домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары