30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада 6 шілде – Ұлттық Домбыра күніне орай Атырау көпірінде дәстүр мен заманауилықты, үн мен бейнені, жады мен шабытты тоғыстырған ауқымды мәдени іс-шара өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – ұлттық мұраға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын сезіндіру және қазақ мәдениетінің мәңгілік құндылықтарын дәріптеу.
Мерекелік бағдарламаның негізгі бағыттары:
Күйші мен серілер шеруі: Құрманғазы, Дина, Ақан сері бейнесіндегі әртістер 3-4 сағат бойы Атырау көпірінде болып, қонақтармен тікелей араласады.
Домбыра шеберханасы: Жас қонақтар домбыра тартуды үйренуге алғашқы қадам жасайды.
Интерактивті аймақтар: «Күйді тап», домбыра-пазл, викториналар және музыкалық ойындар.
Желмен жеткен үн: Күйлердің атауы мен күйшілердің есімдері жазылған ленталар арқылы жасалған атмосфералық инсталляция.
Ұлы домбырашылар мұрағаты: Жасанды интеллект көмегімен Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса және басқа да тарихи тұлғалардың бейнесі LED-экранда «тіріледі».
«100 кітап» жобасы: Домбыра туралы әдебиеттер көрмесі, кітапханашылармен кездесу және мәдени жадыға терең үңілу.
Домбыра-кино:Ашық аспан астында, қазақ ауылы стилінде ұйымдастырылған алаң: кілемдер, самаурынмен шай және қазақ музыкасына арналған деректі фильмдер.
Мерекелік концерт: Амфитеатр сахнасында аңызға айналған күйлер мен халық әндері орындалады.
Бұл күн жай ғана мереке емес. Бұл – тарихпен қауышу, болмысты еске алу, жүрекке жеткен халық үніне құрмет білдіру күні.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды