28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТуризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанада "Диснейленд" салу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дәл "Диснейленд" болады деп айту қиын, бірақ қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалар ішінде Астанада туристік квартал бар. Бұл — ауқымды кешен, оның ішінде ірі ойын-сауық паркі де қарастырылған, – деді Еркінбаев үкіметтегі брифинг барысында.
Жаңа ойын-сауық паркі “Барыс Арена” спорт кешенінің артында орналасады. Оның ашылуы 2027 жылға жоспарланған.
Жобаға шетелдік инвестор қаржы құйып отыр. Ол біздің елордаға сенім білдіріп, жобаны іске асыруды бастап кетті. Бұл өте үлкен кешен: тек ойын-сауық орталығы ғана емес, ірі сауда орталығы, халықаралық деңгейдегі қонақүй де болады. Бұл кешен Астананың басты туристік нүктелерінің біріне айналады деп сенеміз, – деді вице-министр.
Айта кетейік, "Қазақстанда “Диснейленд” салынады екен" деген сөз ұзақ уақыттан бері айтылып келеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?