28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада 12-13 шілде күндері демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке алаңы ашылады. Ол «KERYEN JOLY» сауда орталығының аумағында орналасқан, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жаңа сауда орталығы «KERYEN JOLY» Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан. Бұл – заманауи сауда нысаны, дамыған инфрақұрылымы, адам көп жүретін аймақта орналасуы, ыңғайлы көлік қатынасы және келушілер үшін барлық қажетті жағдаймен ерекшеленеді. Тоңазытқыш және қоймалық жабдықтармен жарақталуының арқасында бұл алаң фермерлік және азық-түлік өнімдерін орналастыруға өте қолайлы.
Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлік шаруашылықтардың азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Қонақтар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет және ет өнімдерін, сүт өнімдерін, нан-тоқаш бұйымдарын, бал, тосап, табиғи шырындар мен басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Сонымен қатар, дәл осы күндері – 12 және 13 шілдеде демалыс күнгі жәрмеңкелер қала тұрғындарына бұрыннан таныс мына алаңдарда да жұмыс істейді:
Барлық жәрмеңкелік алаң сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?