28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада 14-15 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар мен тосаптарды және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Іс-шара 14 және 15 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Айта кетейік, елордада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр.
Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) орналасқан. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілер үшін ашық.
Бұған дейін Ақтөбеде ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өткен еді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?