Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 8 шілде күні «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық фестивалі өтеді. Еліміздің түрлі діни бірлестіктердің өкілдеріне арналған іс-шараны қалалық дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры Ұлттық домбыра күніне ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық рухани мұраның ажырамас бөлігі болып саналатын домбыра өнері арқылы конфессияаралық диалогты нығайту, бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін және өзара құрметті дамыту.
Қазылар алқасының құрамында күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Айтжан Тоқтаған, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының мүшесі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының көркемдік жетекшісі, Республикалық конкурстардың лауреаты Жасұлан Наурызбайұлы, Қазақ халқының мұрасы, ұлттық өнерді насихаттап келе жатқан күйші, «Құрмет» орденінің иегері Сәрсенғали Жүзбай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның құрметті мүшесі, «Алқа» радиосының бас редакторы Серік Сейітман бар.
Әкімдіктің мәліметінше, фестиваль екі кезеңнен тұрады: Домбырада жеке орындаушылық шеберлігі және домбырамен ән, терме және жырларды вокалды-аспаптық орындауы бағаланады.
Жүлде қоры 2 миллион теңгеден асады. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады. Фестивальге еліміздің 15 өңірінен 21 қатысушы қатысады деп күтілуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?