12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласында 5 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің мақсаты – 8 салмақ дәрежесінде еліміздің ең үздік балуандарын анықтау.
Жыл басынан бері 5 рейтингтік жарыс өткен болатын. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша әр салмақтың ең жоғары ұпай жинаған 8 балуаны анықталды. Елорда төріндегі боз кілемде тек осы үздіктер ғана белдеседі.
Сөйтіп, турнир соңында тек 8 салмақтың жеңімпаздары ғана марапатталады. Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер «Дала қыраны» титулының иегері атанып, өз салмағының «Бас балуаны» атағына ие болады.
Сол сияқты әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер