22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті. Іс-шараға шетелде білім алуға ниетті жастар мен олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, аталған шара – әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға.
Қатысушылар оқу орнының ерекшеліктерімен танысып, оқуға түсу шарттары, бағдарламалар мен болашақ мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша:
Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы – Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы.
Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:
* Әлемдік QS рейтингі бойынша 186-орын;
* «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша – Ұлыбританияда 1-орын;
* Білім беру, инженерия және геология саласында – әлемнің ТОП-150 қатарына енеді;
* Британдық түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша – 12-орын.
Астанадағы филиалдың артықшылықтары:
* Оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі;
* Ұлыбританиядан шақырылған білікті профессорлар дәріс оқиды;
* Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол – халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.
Жоғары білім саласына президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл салада жүргізіліп жатқан әрбір қадам Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарымен тығыз байланысты және ел басшылығының жіті бақылауында.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев