Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Есіл өзенінің бойында дәстүрге айналған «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бұрқасын» мерекесі 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқыда 5 спорт түрі қамтылса, қазіргі сәтте оның саны артып, жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.
Бұл іс-шара 24 жыл бойы Астанамыздың ажырамас бөлігіне айналып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамытуда ерекше орын алып келеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Қысқы спорттың қуанышын бірге бөлісейік, «Бұрқасын» фестивалі бәрімізге жарқын эмоциялар сыйласын! - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов.
Қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркелген. Фестиваль барысында қатысушылар 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.
Айта кетсек, спорттық іс-шара былтыр ауа райының күрт өзгеруіне байланысты өткен жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?