Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдар ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады.
Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып ізін суытқан. Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс