23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана полициясы дәмханада тіркелген ақша ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға 53 жастағы қала тұрғыны жүгініп, ұрлық туралы арызданған. Ол дәмханада ішімдік ішу кезінде ақшасын ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 62 жастағы азамат болып шықты. Полицейлер оқиға болардан алдын өтініш беруші бұл ер адаммен танысып, бірге алкогольдік ішімдік ішкенін анықтады.
Алайда көп ұзамай жаңа танысы қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің күртешесінің қалтасынан қолма-қол ақшаны жасырын ұрлап алған, осылайша материалдық шығын келтірген. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Соған қарамастан ол ақшаның жартысын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, қалғанын төлеуге міндеттенді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сақ болуды сұрайды. Ұрлықты болдырмау үшін құқық қорғау органдары азаматтарға өз мүлкін мүмкіндігінше мұқият бақылауды ұсынады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады