6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2023 жылғы 3 тамызда сағат 14:30-17:00 «Жастар» сарайында өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметінше, жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, «БАЗИС-А» құрылыс компаниясы, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Мечта» дүкені, «SMEU Astana» ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі