13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз8 қазан күні сағат 10:00-де елордада «Бірге-таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.
Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, орман екпелерін, азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, өскелең ұрпақ үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар да ұйымдастырылады.
Елорданың табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтарын экологиялық сенбілікке шығуға, қоқыспен күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды