Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам құрықталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
36 жастағы қалта ұрысы қала тұрғындарының телефонын жымқырып жүрген. Көбінесе қоғамдық көліктерде және сауда үйлерінің жанында қылмыстық ойларын жүзеге асырған. Мәселен, ер адам “Әлем” сауда үйінің жанындағы жерасты өткелінде қыздың күртешесінің қалтасынан құны 200 мың теңге тұратын Samsung Galaxy A71 телефонын ұрлап кеткен.
Ұрлықтың тез болғаны соншалық, қыз телефонынан айырылғанын бірден байқамаған. Тағы бір жағдай, күдікті Big Шанхай сауда үйінің жанында арбасы бар әйелді көріп, оның соңынан ерген. Әйел үй-жайға кіріп бара жатқан кезде оның күртешесінің қалтасынан телефонын ұрлап, 134 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының полицейлері бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оған ұрлықтың 3 эпизоды дәлелденді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?