23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада 1 мамыр күні «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады. Жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді.
Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі қозғалыс мына кесте бойынша жабылады:
30 сәуір күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
1 мамыр күні сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан «Бәйтерек» монументіне дейінгі аралықта.
«Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және «Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады.
Жүгіру қашықтығы:
Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады. Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік