6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада 0-9 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 желтоқсан күні бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінде.
Мектеп оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттерін күн райы бұзылған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшіру параметрлері:
- ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-4 сыныптар;
- ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-9 сыныптар;
- ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-9 сыныптар;
- ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
- ауа температурасы 35 градус, желдің жылдамдығы 2 м/с болған жағдайда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
- бұрқасын және желдің жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
- бұрқасын күшейгенде, желдің жылдамдығы 10 м/с және одан жоғары болғанда, көру мүмкіндігі төмендегенде 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс).
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі