Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурыз мейрамы орталық саябақта алғаш рет тойланып жатыр. Мереке халықаралық деңгейде өтуде. Іс-шараға көрші елдердің аспаздарымен қатар Тәжікстан мен Иран елшіліктері де қатысты. Олар киіз үйлерін тігіп, онда өз мәдениеттерінде Наурыз мерекесінің тойлануының айырмашылықтары туралы әңгімелеп, дәстүрлі тағамдармен дәм таттырды.
Саябақтың аллеясында тазы мен батырлар шеруі өтіп, домбырашылар әйгілі халық әндерін орындап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шараға елордалық «Барыс» клубының хоккейшілері мен клубтың бойтұмары «Барсик» келді. Мұнда олар жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба беріп, естелік суретке түседі.
Орталық саябақта көктемнің басты мерекесі екі күн бойы тойланады. 22 наурыз күні де сағат 13:00-де концерттік бағдарлама өтіп, ұлттық тағамдар әзірленеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары