13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБүгін, 18 наурызда, QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы.
«Қамажай» – қазақтың ұлттық билерінің бірі. Ол нәзіктікті, әдемілікті бейнелейді. Ал мұндай ауқымда өнер көрсету ерекше әсер қалдырумен қатар, мәдениетімізді кеңінен насихаттау үшін де маңызды. Қыздар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті, біз олардың өнерін мақтан тұтамыз, - дейді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің шығармашылық жетекшісі Рахат Тәуіржан.
Флешмоб ерекше сәтпен аяқталды: көрермендер би билеген оқушы қыздарға қосылып, олардың қимылын қайталады. Сол сияқты биші қыздар қызғалдақ гүліне ұқсап, әдемі көрініс жасады.
Сонымен қатар, іс-шарада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті, онда Астана колледждерінің студенттері қазақтың дәстүрлі киімдерін көрсетті.
Айта кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды шара – концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды