Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың коммуналдық қызметі қар тазалау жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, 11 наурыз күні кешке қар тазалау жұмыстарына 200 жол жұмысшысы мен 640 арнайы техника жұмылдырылды. Бір күнде қаладан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,1 мың ауыр жүк көлеміне тең. Қыс басынан бері полигондарға 454 мыңнан астам жүк көлігі, 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтау сұралады. Айта кетейік, қалада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?