Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада түнгі ауысымда қар күреу жұмысына 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Түнгі ауысымда қала бойынша қар мен мұзды тазалауға 350 жол жұмысшы мен 1 244 арнайы техника шықты.
12 қарашадағы күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер Астанадан 23 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл 1,8 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 126 мың текше метрден астам қар 10 062 рейспен шығарылды.
Ең алдымен, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады. Астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс істеп жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?