23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада жалдамалы пәтер құны қымбаттап, кейбір бір бөлмелі пәтерлердің айлық бағасы 350 мың теңгеге дейін жетті. Ұқсас жағдай Алматы қаласында да байқалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сарапшылар тұрғын үйді жалдау құнының өсуіне сұраныстың артуы әсер етіп отырғанын айтады. Ірі қалаларға еліміздің өзге өңірлерінен ғана емес, шетелден де келіп жатқан азаматтардың саны аз емес.
Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуы да жалдамалы баспана нарығына ықпал етуде. Астана мен Алматыдағы жоғары оқу орындарына түскен мыңдаған бірінші курс студентін жатақханамен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан көптеген студент жалдамалы пәтер іздеуге мәжбүр.
Сұраныстың артуы пәтер иелерінің бағаны көтеруіне де әсер етіп отыр. Бұрын Астанада үш бөлмелі пәтерді 400 мың теңге көлемінде жалға алу мүмкін болса, қазір мұндай бағадағы баспананы табу қиындай түскен.
Риелторлардың пікірінше, жалдау ақысының қымбаттауы жағдайында азаматтар ай сайын өзге біреудің пәтері үшін қомақты қаражат төлегенше, сол қаражатты ипотекалық несиеге бағыттауды ойластыра бастайды.
Алайда баспана бағасы мен несие талаптарының жоғары болуы тұрғын үй мәселесін көпшілік үшін әлі де өзекті күйінде қалдырып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады