6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі 1 сәуірден бастап өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зейнеткерлер үшін тегін үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Бүгінде оңалту гимнастикасы, тренажерлік зал, йога, скандинавиялық серуен, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, еңбек терапиясы, әлеуметтік желілер үйірмелері мен профилактикалық массаж бар.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін оңалту гимнастикасы мен теннистен, тоғызқұмалақтан, егде жастағы адамдарға арналған фитнестен алғашқы сабақтар өтті.
Орталыққа зейнеткерлерді тіркеу 17 наурыздан басталған, қазіргі уақытта Сарайшық ауданы бойынша 60 адам тіркелді. Орталыққа келіп тіркелу үшін зейнеткердің жеке куәлігі, зейнеткер кітапшасы, Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болу қажет.
Алдағы уақытта Сарайшық ауданында әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-әуесқой бағытында үйірмелер ашу жоспарда бар.
Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1 үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13 үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 үйде, Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 үйде орналасқан.
Айта кетейік, бүгінде қалада 15 мыңнан астам зейнеткер тегін үйірмелер мен секциялармен қамтылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі