Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана полицейлері елордалық дүкендердің бірінде ер адам мен әйелдің төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Ол дүкенде баланы абайсызда қағып кетіп, артынша кешірім сұраған. Алайда, бала ұстаған ер адам оны балағаттап, боқтық сөздер айта бастаған.
Жазбадан ер адамның әйелді итеріп, оған физикалық күш қолданғанын көруге болады. Ер адам әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған.
Оқиғаға Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Әдепсіз сөздер айтқаны үшін ер адам сот шешімен 5 тәулікке қамауға алынды. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.
Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары