Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖол жөндеу жұмысына байланысты 16-31 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол қозғалысы толығымен шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан М1 көпіріне оң жақ съездінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады, - деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жол жөндеу жұмысы Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар