22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанадағы iKOMEK109 орталығы қала аумағына орнатылған 12 мыңнан астам бейнебақылау камерасына қосылған. Соның арқасында орталық операторлары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жыл басынан бері 15 709 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, камералардың басым бөлігі жол бөлігін, қиылыстарды, адамдар көп жиналатын орындарды – сауда орталықтарын, мешіттерді, ірі автобус аялдамаларын, вокзалдарды қамтиды.
Қауіпсіздікті тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін iKOMEK109 орталығында Астана Полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді.
Осылайша, құқық қорғау органдарымен бірлесіп операторлар 2025 жылдың басынан бері 15 709 құқықбұзушылықты анықтаған. Олардың 1 027-сі бойынша хаттама рәсімделген. Атап айтар болсақ:
Әкімшлік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы (қоғамдық орындардың жекелеген түрлерінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу) – 9480;
434-бап (ұсақ бұзақылық) – 2833;
440-бап (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) – 236;
505-бап (көріктендіру ережелерін бұзу) – 298;
449-бап (қоғамдық орында тиісу) – 44;
204-бап (белгіленбеген орында сауда жасау) – 18;
590-бап (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) – 3;
615-бап (жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзу) – 2777;
196-бап (тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз саудалау) – 14;
597-бап (жол қозғалысына қатысушылардың ереже бұзуы, апатты жағдай туғызу) – 2;
593-бап (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін немесе қауіпсіздік шлемді пайдалану талаптарын сақтамау) – 2;
596-бап (жолдың жүру бөлігіне көлік құралын қою, қарсы қозғалыспен өту немесе басып озу ережелерін бұзу) – 2.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев