23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай елордада QAZCONTENT OPEN 2025 атты шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Шара «Qazcontent» АҚ, Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беруді тұрақты дамыту қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Жарыс Spaces коворкинг орталығында өткізілді.
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
Турнирге отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушылар арасында баспа, телеарна, радио және интернет журналистері бар. Жарыс блиц форматында швейцар жүйесімен (7 тур) өтіп, жартылай финал мен финал ойындары нокаут тәртібімен ұйымдастырылды.
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
Жеңімпаздар:
1 орын — Рүстем Омаров («Elkz» ақпараттық агенттігі)
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
2 орын — Нұрлан Салықбаев («Қазақстан» телеарнасы)
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
3 орын — Мерей Ермұханов (IQas_astana CEO-сы)
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
Сонымен қатар, «Үздік инфлюенсер» номинациясы блогер Сергей Хванға табысталды.
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
Ал «Қазақстан» телеарнасының журналисі Ляззат Тушкенова турнирдің белсенді қатысушысы ретінде марапатталды.
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
Турнирге «Хабар», Qazsport, Informburo, Tengrinews, Литер, «Егемен Қазақстан» және өзге де жетекші БАҚ-тың өкілдері қатысты.
«Шахмат ойыны журналистер үшін аса маңызды дағдылар – стратегиялық және сыни ойлау, жедел шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Блиц форматындағы партиялар редакциялық жұмыстың қарқынымен ұқсас. “Qazcontent” медиахолдингі мұндай зияткерлік бастамаларды қолдауға әрқашан дайын», – деді «Qazcontent» АҚ креативтік дирекция басшысы Жандос Смайлов.
Қатысушылар турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, еркін диалог пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Фото: El.kz/ Арман Мұхатов
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік