Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қаласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған топтарды жинақтау жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі уақытта елордада 653 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 99-ы – мемлекеттік, 551-і – жекеменшік, 3-еуі – ведомстволық балабақша. Барлығы 66 281 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған. 2025 жылдың 1 шілде айынан бастап Астана қаласында балабақшаларды топтастыру жұмыстары басталады. Бұл ретте 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін 15 мыңнан астам бос орын қарастырылып отыр.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласында ваучерлік қаржыландыру жүйесі негізінде мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдауға арналған пилоттық жоба іске қосылды. Бұл арқылы ата-аналар балабақшаларды таңдап, баласын онлайн түрде орналастыру мүмкіндігіне ие болды. Жыл басынан бері 6 703 балаға ваучер беріліп, балабақшаларға қабылданды.
Жаңа жүйенің арқасында балабақша кезегі 40 мыңнан 30 мыңға дейін қысқарды. Ваучерлерді бөлу кезегі 1 шілдеде жаңартылады.
Ата-аналар INDIGO жүйесінде өз жеке кабинеттеріне кіріп, өтініштің кезекте тұрғанын тексеруі, баланың құжаттарын дайындап қоюы және ed24.kz мобильді қосымшасында тіркелуі тиіс. Балабақшаға қажетті медициналық құжаттарды алдын ала дайындап қойған жөн. Бұл балабақшаларға қабылдау үдерісін жеделдетеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар